Қарағанды қаласында «Костенко» шахтасындағы апаттан қайтыс болған кеншілердің туыстары сот өтіп жатқан мекемеге жиналды. Олар қылмыстық іс бойынша жәбірленуші деп танылған. Қолдарына марқұм туыстарының фотосын ұстап келгендердің арасында қыз-келіншектер мен егде жастағы әйелдер бар. Сот отырысына қатысқан KursivMedia тілшісі марқұм кеншілердің туыстарымен әңгімелесіп, сотталушыларға тағылған айыпқа қатысты пікірін білді.
«Артында баласы қалды»
Шахтадағы апат кезінде ұлынан айырылғандың бірі – Галина Викторовна. Ол өзінің 30 жылдан аса уақыт «Қазақстан» шахтасында жұмыс істегенін, кейінгі жылдары ұлы да осы салада еңбек еткенін айтты.
«Мен қызмет еткен жылдары қаншама жазатайым оқиға болды, бірақ ешқайсысында ешкімді соттаған...