Алматыда Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтеді. Алматы әкімдігінің мәліметінше, қала тұрғындары мен қонақтарын концерттер, көрмелер, театр қойылымдары және танымдық кездесулер күтеді.
6 наурызда Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйінде «Алаш арыстарының жұбайлары» атты дәріс өтеді. Бұл шарада Алаш қайраткерлерінің жұбайларының өмірі мен олардың тарихи рөлі талқыланады. Дәріске алашордалықтардың ұрпақтары Айман Байсалова, Меруерт Бакибаева, Жанара Сүлейменова, Жазира Арғын, сондай-ақ зерттеуші ғалымдар Светлана Смағұлова, Бекзада Қожекеева және Гүлжаһан Орда қатысады. Сол күні Алматы музейінде «Дәстүр. Өнер. Әдемілік» көрмесі ашылып, музей қорындағы қазақтың дәстүрлі бас киімдері мен суретші Гүлнар Табанованың жұмыстары ұсынылады.
7 наурызда «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Анаға тағзым» атты мерекелік концерт өтед...