Италияда ең танымал екі бренд біріккелі жатыр: Prada шамамен 1,5 млрд еуроға Versace брендін сатып алуды көздейді. Шартқа қол қоятын күн жақын.
Prada+Versace
Миландағы Prada бренді Capri Holdings-ке тиесілі Versace үшін таласта алға шықты деп жазды Financial Times. Тараптар ортақ келісімге келе алса, Италия люкс модасындағы ең танымал брендтер бірігеді. Бірнеше айға созылған келіссөздер аяқталуға жақын.
«Бірнеше аптаның ішінде» қос компания келісімшартқа отыруы мүмкін деп хабарлайды FT дереккөздері.
Сән нарығымен жақын таныс адамдардың айтуынша, Capri бастапқыда танымал бренд үшін 3 млрд евро сұраған, сол себепті Versace-ді сатып алуға мүдделі топтармен арадағы келіссөз ұзаққа созылып кеткен. Дереккөздер...