Израиль әскерилері сәрсенбі күні Газа қаласын басып алу операциясының алғашқы қадамына кіріскенін жариялады. Бұған қоса, ЦАХАЛ резервтегі ондаған мың жауынгерді шақыртты. Бұл туралы Reuters хабарлайды.
«Біз алдын ала операцияны бастадық. Газа қаласына алғашқы шабуыл жасалды. Қазір ЦАХАЛ күштері Газа қаласының шеткі аудандарын ұстап тұр», – деп мәлімдеді Израиль қарулы күштерінің өкілі генерал Эффи Дефрин.
Агенттік мәліметінше, Израиль әскері сәрсенбі күні Палестина анклавында ХАМАС содырларымен қақтығысты. Содан кейін премьер-министр Биньямин Нетаньяху үкіметі ХАМАС бекіністерін жаулап алу ісін жылдамдатқан.
Халықаралық сынның күшейгеніне қарамастан, Тель-Авив Израиль Газа орталығын басып алу жоспарын жалғастыра береді, деп жазды Reuters. Соны...