Қытайдың құлдырауы Қазақстанға экономикалық ауыртпалық әкелуі мүмкін. Бұған АҚШ пен Қытай арасындағы сауда және баж салығы соғысы түрткі болып отыр.
Қазақстандық сарапшылардың пікірінше, АҚШ пен Қытай арасындағы қырғи-қабақтық Қазақстанға тікелей және жанама түрде ықпал етпек. Тікелей әсері – шикізат және басқа ресурстардың бағасының құлдырауы. Жанама әсері – валюта бағамының тұрақсыздығы.
Баж салығы соғысы
Қытай 10 ақпаннан бастап бірқатар америкалық тауарларға баж салығын енгізді. DW ақпаратына қарағанда, бұл шара АҚШ-тың Қытай импортына салған баж салығына қарымта шара ретінде енгізілген.
Қытайдың құлдырауы негізсіз әңгіме емес. Әлем сарапшылары осындай болжам жасап отыр. АҚШ Қытайды әлсіретуді көздеп отыр. Қару ретінде...