Қазақстанда отбасы құрғанына бес жылдан аспаған жұптарға арналған арнайы ипотекалық бағдарлама бар. Ол «Жас отбасы» деп аталады. krisha.kz басылымының жазуынша, бұл бағдарлама арқылы жас жұбайлар 5 пайызбен баспана ала алады.
Бұл бағдарламаға қатысу үшін жас жұптың ресми отбасы құрғанына бес жылдан аспауы тиіс. Жұбайлардың жасы маңызды емес, бастысы неке мерзімі ғана есепке алынады.
Бағдарлама шарттары қандай
Бағдарлама шарттарына келсек, бастапқыда жылдық мөлшерлеме 6 пайыз болып белгіленеді, кейінірек ол 5 немесе тіпті 3,7 пайызға дейін төмендейді. Қарыз сомасы 100 миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін.
Бұл қаражатқа пәтер сатып алу, жер телімін алып, үй салу, тіпті жөндеу жұмыстарына...