Мұхтар Әуезовтің тұлға ретінде қалыптасуына Семей қаласындағы мұғалім семинариясының қосқан үлесі зор. Ұлы жазушы бұл білім ордасында 1915-1919 жылдары оқыған. Ол семинария қазір Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледж.
Бұл жерде Мұхтар Әуезовтен бөлек, Ж.Аймауытов, Қ.Сәтбаев, Әзілхан Нұршайықов және басқа да танымал тұлғалар білім алған.
Қазақ педагогикалық техникумында көрнекті алаш қайраткері Халел Ғаббасов, педагог, журналист Сейітбаттал Мұстафин, педагог, жазушы, драматург Тайыр Жомартбаев, педагог, театр қайраткері Ғалиақпар Төребаев, ағартушы-журналист, педагог Мәннан Тұрғанбаев және басқа да азаматтар жұмыс істеген.
Сонымен қатар академик Әлкей Марғұлан да Семей қазақ педагогикалық техникумында тәрбие алған. Мұсатай Ақынжанов, Әбдіхамит Сембаев секілді ғылым докторлары, Қазақ ССР Ішк...