Канада мен Мексика АҚШ президенті Дональд Трамптың кедендік баж салығына жауап ретінде АҚШ тауарларына баж салығын енгізе бастады. Бұл туралы DW басылымы жазған.
Канада баж салығы
Басылымының ақпаратына сүйенсек, Канада АҚШ-тан импортқа 25 пайыздық баж салығын яғни 155 млрд канадалық доллар (55 трлн 378 млрд теңге) салық енгізеді.
Алғашқы тауарларға баж салығы 4 ақпанда басталады. Оның жалпы сомасы 30 млрд канадалық долларға тең. Өзге салық ережелері 21 ақпанда күшіне енеді. Канада үкіметінің басшысы Джастин Трюдо отандастарын АҚШ тауарларынан бас тартып, көрші елге қыдырып бармауға шақырды.
Оттава маңызды пайдалы қазбалар, энергия сатып алу және көрші мемлекетпен ынтымақтастықтың басқа түрлерін қайта...