Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев салықтар бойынша жоспардың орындалмағанын айтты.
Министр мемлекеттік бюджетке 12,5 трлн теңгеден аса кірістер түсіп, жоспар 97,2%-ға орындалғанын, ал республикалық бюджетке 8,3 трлн теңге түсіп, жоспар 89,1%-ға орындалғанын атап өтті.
Салықтар бойынша жоспардың ойдағыдай орындалмау себебін министр былай түсіндірді:
«Салықтар бойынша жоспардың орындалмауы негізінен корпоративтік табыс салығы, шикі мұнайға экспорттық кеден бажы, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық импортқа салынатын қосылған құн салығы есебінен қалыптасты. Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардың орындалмауы 306 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванстық төлемдер сомасының 26%-ке азаюымен байланысты. Шикі мұнайға экспорттық кеден бажы бойынша жоспардың негізг...