Британдық Revolut финтех стартапы 20 шілдеден Қазақстандағы қызметін қысқартады. Бұл компанияның негізін Ұлыбритания азаматы Николай Сторонский мен украндық Влад Яценко қалаған. Стартаптың бұл шешімі жайлы компанияның клиенттеріне жіберілген хабарламасынан белгілі болды. Шешім қазақстандықтар пайдаланатын Revolut Lite есептік жазбасына әсер етеді.
«Бұл оңай шешім болған жоқ. Біз өнімді жаңа нарықтаққа шығара отырып, толық қызмет спектрін ұсынуға бағытталған стратегиялық шешім қабылдадық. Сондықтан біз қайтып оралған кезде Revolut ұсынысынанда жоғары нәрсе күтіңіз», – делінген компания мәлімдемесінде.
Тағы бір ай онлайн-банкинг қызметтерін пайдалануға болады. Бірақ содан кейін шотта тек криптовалюта жіберу және айырбастау қызметі қалады. Егер 20 тамыздан кейін теңгерім...