Түркияның Safi Holding компаниясы Қазақстандағы қант зауытының құрылысына 150–200 млн АҚШ доллары инвестиция салмақ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Түркиялық Safi Holding компаниясының бас атқарушы директоры Сафи Атаканмен кездескен. Келіссөз барысында Қазақстанда өндірістік қуаты жоғары жылына 140 мың тонна қант шығаратын зауыт салу жоспары талқыланды.
Жоба толық іске қосылған жағдайда, зауыт жылына 1 млн тоннаға дейін қант қызылшасын өңдей алады. Түріктер бұл жобаға 50–200 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция құюы мүмкін.
Қазір инвесторлар зауытты қай өңірде салуға болатынын қарап жатыр. Ол үшін ең маңызды факторлар – қант қызылшасын өсіруге жарамды жерд...