Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында биыл халықтың әлеуметтік осал топтарынан 400 мыңнан астам бала мектеп формасымен, мектепке қажет керек-жарақтарымен қамтамасыз етіледі.
Биыл әр білім алушыға киім, оқу құралдарын сатып алуға арналған қаражаттың ең төменгі мөлшері– 40 567 теңгені құрайды. Ал өткен жылы мектеп жиынтығын сатып алу сомасы 17 мың теңгені құраған. Барлық ақша аударымдары ата-аналардың карточкалық шоттарына жіберіледі.
«Қаражат ата-аналарға балалармен бірге мектеп формасын, аяқ киімді, кеңсе тауарларын өздері таңдап алу үшін беріледі. Қабылданған өзгерістер нәтижесінде ата-аналар мен балаларға жеткізушілерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік беріледі», дейді Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жолдас Батырхан.
Мұқтаж отбасыларға...