Алматының «Кенжехан» базарының саудагерлері қала әкімі Ерболат Досаевқа базар қожайындарына қатысты шағым айтты.
Базар жұмысшылары «Кенжехан» базарының қожайындары базарды модернизациялау үшін саудагерлерден қаржы жинап жатқанын айтты. Саудагерлердің айтуынша базар иелері әр нүктеден 5 миллион теңге көлемінде ақша талап еткен. Халық базар басшыларының бұл шешіміне наразы, себебі базарды қайта жабдықтау бастапқыда саудагерлер емес, қожайындардың есебінен жүзеге асырылады деп сендірген.
«Қысым мен бопсалау нәтижесінде ол адамдар қазір ақша алып жатыр. Неге олардың бізді алдауына жол бересіз? Бұл ақша ел бюджетіне түссе бір жөн, бірақ миллиондаған қаражат бір адамның қалтасына түсіп жатыр. Базардағы бопсалау қашан тоқтайды? Бізге қашан...