Сот «Қайрат» футбол клубын Орталық стадионды жалға алғаны үшін 131 млн теңге төлеуге міндеттеді. Алматы қаласының Спорттық нысандар дирекциясы клубтан 131 млн теңге өндіріп алу жөнінде арыз түсірген. Бұл туралы BESMedia басылымы хабарлады.
Дирекция «Қайрат» клубының 2021–2023 жылдар аралығында стадионды төмендетілген тарифпен жалға алып келгенін алға тартқан. Нәтижесінде тиісті көлемде кіріс кірмеген. Жүргізілген аудит және қалалық ревизиялық комиссия клубтың расымен стадионды төмен тарифпен жалға алып келгенін, нәтижесінде мемлекеттің тиісті кіріс ала алмай қалғанын растаған.
Алайда, дирекцияның бұл талабымен «Қайрат» клубының өкілдері келіспей, келісімшартта жылдық жалдау ақысы 30 миллион теңге көлемінде бекітілгенін, ал 2021 жылғы келісімшарт бойынша талап...