Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы қауіпті аурулары бар мал көмілген 12 нысанды су басқан. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлім етті.
Сенаттың жалпы отырысында Айжан Есмағамбетова су тасқынынан кейін жасалған зерттеу нәтижесін жариялады. Министр орынбасарының айтуынша, қазір су басқан қауіпті ошақтарда мамандар тиісті жұмыстар атқарып жатыр. Топырақтан сынамалар алынған.
«Зерттеу нәтижесінде потогенді микроағзалар анықталмады. Бірақ оған қарамастан сібір жарасы және басқа аурулары бар мал көмілген орындарға дезинфекция жасалды. Солтүстік Қазақстан облысында сібір жарасы және мал көмілген орындарды әлі де су басып тұр. Бұл аумақтар да зерттеліп, потогенді микроағзалар анықталмады. Су тартылғаннан кейін, тағы да...