«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімі 2052 жылға дейін ұзартылды. Үкіметтің 2024 жылғы 29 қазандағы «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы» қаулысы бекітілді.
«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімі нысаналы индикаторларға қол жеткізу шартымен 2052 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылсын»,- делінген құжат мәтінінде.
Құжатта АЭА қызметінің нысаналы индикаторлары жаңартылған. Осылайша, инвестицияның жалпы көлемі 2047 жылға қарай 540 млрд теңгеге, ал 2052 жылға қарай 590 млрд теңгеге жетуі тиіс. Оның ішінде 2052 жылға қарай шетелдік инвестиция 275 млрд теңгені, ішкі инвестиция 315 млрд теңгені құрауы тиіс...