Фото: shutterstock
Қазақстан экономикасының өсім қарқыны ақырындап қалпына келе бастайды. Ел экономикасының өсімі 2023 жылы 3,5 пайызды құраса, 2024 жылы ол 4 пайызға жетуі ықтимал. Дүниежүзілік банктің «Қиын кезеңдегі экономиканың қалпына келуі» деген баяндамасында ЖІӨ өсіміне мұнай-газ саласы ықпал ететіні жазылған.
2023 жылы инфляция 9-11 пайыз аралығында жоғары болады деп күтіліп отыр. Оған экономиканың түрлі секторында жалақының өсуі, үкіметтің кейінгі 2 жылда қолға алған дағдарысқа қарсы шаралары ықпал еткен. Бұл ретте инфляцияның көтерілуіне азық-түлік бағасының қатты қымбаттауы – негізгі себеп. Инфляцияның өте жоғары деңгейде сақталуы – үлкен мәселе болып тұр. Әсіресе тұрмысы төмен отбасыларға қиынға соғып жатыр...