Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк клиенттерін тексеруге қойылатын талаптарды күшейтпек. Бұл ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландырумен күресу үшін қажет. Тиісті қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Енді банктер өз клиенті және компаниялардың бенефициары туралы ақпаратты ресми құжаттарды, ашық көздерді және кез келген басқа құралдарды пайдалана отырып тексеруі керек.
Бенефициарлық меншік иесі – компанияны, мүлікті немесе қаржылық активтерді, тіпті олар басқа тұлға немесе ұйымның атына ресми түрде тіркелген болса да, нақты иеленетін, бақылайтын немесе одан пайда көретін жеке тұлға. Көбінесе ұйым бенефициары салықтан, жауапкершіліктен, бақылаудан «қашу» үшін жасырын қалуға тырысады. Әсіресе, оффшорлық құрылымдар немесе сенімгерлік басқаруға берген компания...