Уолл-стриттегі екі ірі банк АҚШ қор нарығының дамуын бағалауда келіспей қалды. Халықаралық валюта қоры жаһандық өсім болжамын төмендетіп, тәуекелдер артуы мүмкін екенін ескертті. Ал Xiaomi компаниясы 3-нм чипті жасап шығарған болуы мүмкін. Осы және өзге де тақырыптар туралы 22 қазан күнгі әлемдік БАҚ шолуынан оқыңыз.
JPMorgan мен Goldman Sachs акциялардың кірісіне қатысты болжамдарымен келіспей отыр
Уолл-стриттің екі ірі банкінің стратегтері алдағы жылдары АҚШ қор нарығының қай бағытта дамитыны туралы әртүрлі қорытындыға келді, деп жазды Bloomberg.
S&P 500 индексі тарихи рекордтарды жаңартуға дайын болғанымен, Goldman Sachs стратегтері келесі 10 жылда қор нарығының айтарлықтай әлеуеті болмайды деп санайды. Олардың пікірінше...