QazaqGaz Aimaq компаниясы өз акционері – QazaqGaz-дан 509,1 млрд теңгеге 19 млрд текше метр газ сатып алады. 1 текше метр газ бағасы 26,79 мың теңгеден сатылады. Қос компанияның ірі келісімі жайлы хабарламасы Қазақстан қор биржасында жарияланған.
Компания акционерлерінің шешімі 12 қыркүйекте шыққан. Бұл баға 2024 жылдың 1 шілдесінен жасалған келісімдерге таралады.
Заңды және жеке тұлғаларға газ жеткізетін QazaqGaz Aimaq 1 мың текше метр тауарлық газды акционерінен 26,79 мың теңгеге сатып алады. Компания есебіне сәйкес, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында QazaqGaz Aimaq 8,9 млрд текше метр тауарлық газды 189,16 млрд теңгеге, яғни 1 текше метрін қосымша құн салығынсыз...