Секс-жанжал үшін қуылған ақжолдық депутаттың орнына «Ақ жол» партиясының кеңесі партиялық тізім бойынша Серік Ерубаевты Мәжіліс депутаты етіп сайлау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Перуашевтың телеграм арнасы хабарлады.
Серік Ерубаев – партия төрағасының аймақтармен жұмыс жөніндегі орынбасары, VII шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Атырау қалалық мәслихатының III, V шақырылымының депутаты, 2003-2012 жылдары қалалық мәслихаттың хатшысы.
«Atyrau Construction services ltd» ЖШС бас директоры қызметін атқарған.
Тиісті құжаттар Орталық сайлау комиссиясына жолданбақ.
Айта кету керек, Мәжілісте «Ақ жол» партиясына тиесілі бір депуттатық орын бос тұр. Партия төрағасы Азат Перуашев бұрынғы үзеңгілесі Асқар Садықов харассмент үшін депутаттық мандатынан айырылғаны жөнінде мәлімдеме жасады. Артынша мандатынан айырылған экс-депутат...