Израиль мен Ливан арасында шиеленіс күшеюде. Осыған байланысты Израиль солтүстік шекарасына қарай әскерін шоғырландыра бастады. Мұндай шешімге Ливандағы пейджерлер мен рациялардың жарылыстары себеп болған. Израиль тарапы бұл оқиғаларға «Хезболланың» жауап қайтаратынына сенімді.
Солтүстіктегі қауіпке байланысты Газа секторында екі дивизия, яғни 162-ші және 252-ші дивизия қалған. Бұл жайлы Израиль қорғаныс министрі Йоав Галлант хабарлаған. Ол соғыстың жаңа кезеңі басталғанын мәлімдеген.
«Негізігі күштер солтүстікке қарай жылжыды. Біз әскери күшіміз бен басқа да ресурстарымызды, бар қуатымызды солтүстікке бағыттап жатырмыз. Меніңше, соғыстың жаңа кезеңі басталды. Бізге осы жағдайға қарай бейімделу керек. Бұл соғыс орасан зор батылдық пен табандылықты...