Алматы тұрғындарының әр күні түрлі іс-шараға, қызықты оқиғаға толы. Бұл – расында, мың бояулы қала. Шара көп болғаны сияқты, бұл қалада шаруа да көп. Сондықтан кейде қызық шаралардан қалып қойып та жатамыз. Kursiv.kz осы аптада өтетін қызықты іс-шаралар тізімін жасап шықты.
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы бойынша экскурсия
17-20 қыркүйек
Мұражай аралағанды, өнерді, тарихты жақсы көретін жандар үшін 17-20 қыркүйек аралығында апта бойы керемет экскурсия ұйымдастырылмақ. Іс-шара көрерменге отандық киноиндустрияны жақыннан танысуға мүмкіндік беріп, кино таризымен жақындаса түсу мақсатында жасалып отыр. Билет бағасына экскурсия және мультфильм көрсетілімі кіреді.
Экскурсия Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 176 мекенжайы бойынша «Қазақфильм...