АҚШ-тың құпия қызметі Республикалық партиядан президенттікке үміткер Дональд Трампқа қастандық жасамақ болған азаматты тұтқындады. Оқиға жексенбі, 15 қыркүйек күні Флорида штатының Вест Палм-Бичтегі гольф алаңында болған. Бұл жайлы Reuters басылымы жазды.
Басылымның хабарлауынша, қастандық Трампқа гольф ойнап жатқанда жасалмақ болған. Құпия қызмет агенттері бұл алаңға жақын жердегі ағаштардың арасынан қарулы адамды байқап қалған. Агенттер күдіктінің соңына түсіп, бірнеше рет оқ атқан. Алайда күдікті оқиға болған жерден бой тасалап үлгерген. Артынша оның сөмкесі мен қаруы табылғаны хабарланды.
«Күдікті АК-47 автоматы мен басқа да заттарын оқиға орнында қалдырып, көлікке отырып қашып кеткен», деп жазады басылым...