«Ұмай» әйелдер ипотекасы 2025 жылы қайтадан іске қосылады. Бұл туралы «Отбасы Банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.
Естеріңізге сала кетейік, «Ұмай» – ресми табысы бар жұмыс істейтін әйелдерге арналған ипотека. Оның мөлшерлемесі коммерциялық банктерге қарағанда төмен. Бағдарлама 2021-2023 жылдар аралығында іске асырылған. Жобаны Азия даму банкі қаржыландырды.
Бағдарлама бойынша сатып алынатын баспананың шекті құны 30 млн теңгеден аспауы тиіс. Пайыздық мөлшерлеме 14,4% (ЖТСМ 15,4% бастап), кейін 3,5%-5% дейін төмендейді (ЖТСМ 3,6% бастап).
Ипотекалық несиенің мерзімі 6 айдан 25 жылға дейін. Бұл ретте баспана таңдауда ешқандай шектеу жоқ. Заемдар жаңа үйлер мен қайталама нарықтан...