Жел соғып, тұман түседі: синоптиктер 18 өңірде дауылды ескерту жариялады

Жарияланды 12 Қыркүйек 2024 08:35

(жаңартылды 12 Қыркүйек 2024 10:40)
post.authors.0.name

Үмітжан Бакелекова

Business News бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Ауа райы болжамы қандай / Фото: shutterstock.com

«Қазгидромет» еліміздің 18 өңірінде дауылды ескерту жариялады. Кей облыстарда жаңбыр жауып тұман түссе, кей өңірлерде шаңды дауыл көтеріледі.

12 қыркүйек күні синоптиктердің болжамы бойынша, Астанада түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз +19+21 °C аралығында жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шыққанымен, жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы -+22+24 °C.  Алматы облысының батысында, солтүстігінде жоғары, облыстың орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Бұл күні Түркістан, Абай,Жетісу Батыс Қазақстан, Ұлытау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан Ақмола облысының батысы, солтүстігі, кей облыстардың таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің екпіні – 15-20, кей жерлерде 25 м/с дейін жетеді.

Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Төтенше (5-сынып) өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ал Жамбыл, Жетісу облысының таулы аудандарында, Қарағанды, Солтүстік Қазақстанда тұман түсіп, 13 қыркүйекте күндіз найзағай ойнайды. 12-13 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады. Атырау мен Маңғыстау облысында шаңды дауыл көтеріледі.

Сондай-ақ оқыңыз