Telegram мессенджерімен байланысты Toncoin криптовалютасының құны 7%-дан астамға қымбаттады. 24 тамызда Парижде ұсталған мессенджердің негізін қалаушы Павел Дуровтың босатылғаны туралы қате ақпараттан кейін валюта құны көтерілді. Оған француз телеарнасының қате түсіндірілген жаңалығы себеп болды – судья әлі кәсіпкердің тағдыры туралы шешім қабылдаған жоқ.
28 тамыз күні BFMTV арнасы Франция құқық қорғау органдары Павел Дуровты қамаудан босатқанын жариялаған еді. Дегенмен оны бостандыққа шықты деуге әлі ерте екені белгілі болды. BBC күдіктінің алғашқы сұрақтарға жауап бергенін, енді Дуровтың тағдырын судьялар шешетінін жазды. CNN француз прокурорлары миллиардерді алдын ала тергеу күтіп тұрғанын, сот алдында жауап беруі мүмкін екені туралы ақпарат...