«Жазда турист көп болады, адам аяғы басылған соң барып демалысқа шығамын» деп күзді күтіп жүрсіз бе? Олай болса, сізге күзде баруға болатын танымал бағыттар топтамасын дайындадық. Күн райы жайлы, бағасы да қалта қақпайтын, виза сұрамайтын не электрон түрде рәсімдеу қиынға соқпайтын елдерді ұсынамыз.
Күз — демалысқа жайлы мезгіл. Өйткені турлардың бағасы арзандайды, күн де тас төбеден шақырайып тұрмайды. Жазда ағылған туристер саны азаятыны айтпаса да белгілі. Еңбек демалысын есте қаларлықтай өткізуге болатын елдердің топтамасын назарыңызға ұсынамыз. Қазақстанның қысы көп аймақта қатал. Сондай суық күн жеткенше, күнге қыздырынып үлгергісі келетіндерге кеш емес. Жылы күз маусымында қай жағажайды көңіліңіз қалайтынын өзіңіз...