Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша қызметі «Қазақ газ өңдеу зауыты» АҚ директорының үстінен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Ол аукцион өткізбестен заңсыз сату арқылы ірі көлемде мекеме мүлкін ұрлады деген күдікке ілініп отыр. Келтірілген залал 65 миллион теңгеден асып жығылады. Соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу әлі жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мақсатында басқа ақпарат жария етілмейді.
Айта кететін жайт, 2023 жылы ақпан айының басында Болат Байшуақов «Қазақ газ өңдеу зауыты» АҚ директоры болып тағайындалған еді. Ол 20 жылдан астам уақыт «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-да жұмыс істеген.
«Қазақ газ өңдеу зауыты» 1973 жылы Жаңаөзен қаласында ашылды. Зауыт газды...