ҚТЖ билетті қолдан сататын делдалдармен күресті күшейтті. Алматы-1 теміржол вокзалын тағы да тексерді. Соның барысында жеке кассада билеттерді белгіленген құнынан екі есе жоғары бағамен сату фактісі анықталды.
«Тексеру кезінде жеке кассаның жұмысы тоқтатылды. Тергеп-тексеруге арналған материалдар уәкілетті органдарға берілді», – деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК” АҚ баспасөз қызметі.
Бұған дейін Алматы-2 вокзалының жеке кассасында жол жүру құжаттарын қайта сатудың алаяқтық схемасы әшкере болды.
Компания өкілдері кезекті рейд кезінде Шымкент станциясындағы бірінен жолаушының билетсіз пойызға отырғанын анықтады. «Шымкент – Астана» пойызының жолсеріктері пойызға билетсіз мінген адамды белгілі бір сомаға алып жүруге келіскен. Тергеу қорытындысы бойынша...