2024 жылдың шілде айында қазақстандықтардың тұтынушылық сенім индексі (ССІ) оң аймақта бекіп, нығая түскенімен қатар, еліміздің барлық өңірлері тұтынушылық оптимизм аймағына келіп жайғасты. Өткен айда республика тұрғындары азық-түліктің негізгі түрлерінің бағасы ұлғайды дегенді аса көп айта коймаған, дегенмен олардың инфляциялық күтулері өсіп келеді. Олар сондай-ақ шілде айында тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық және байланыс қызметтері қымбаттай түскенін алға тартқан. Сонымен қатар «жұмыссыздық жайлайды» деген алаңдаушылық екпіні мен жалпы мазасыздық көрсеткіштері біршама бәсеңси түскені байқалуда. Бірақ кредиттік сенімнің өсуі баяулап, депозиттік сенім төмендеп те кеткен.
Бүгінгі материалда біз Freedom Finance Global PLC зерттеу компаниясының ел ішіндегі тұтынушылық сенім көрсеткіштері бойынша кезекті 21-зерттеуінің нәтижесін назарларыңызға...