Алматыда көшеде ойнап жүрген 2 жасар бүлдіршінге шабуыл жасаған 13 жастағы аутизм диагнозы бар жасөспірімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Оқиға балалар алаңында болған.
Алматы қаласының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Диана Ерлан бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, жасөспірім екі жасар баланы жерге лақтырып, оның қолын сындырған. Аталған фактке қатысты қылмыстық кодекстің 107-бабы («Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру») бойынша іс қозғалды.
«Алматы қалалық Психологиялық қолдау орталығы тарапынан психологиялық көмек ұсынылды. Жәбірленуші тарап 2 жасар бала, медициналық көмекпен қамтамасыз етілді, әрі қарай оңалту шараларынан өтеді. Қазір бала ата-анасымен бірге үйінде. 13 жастағы жасөспірім де...