Республикалық бюджеттің дағдарысы — бұл мемлекеттік бюджет тапшылығымен, қаржылық қиындықтарымен сипатталатын жағдай. Бюджетке түсетін салықтың жоспарлы орындалмауы мен шығыс бөлігінің өсуі бюджеттік дағдарысқа алып келеді. Соңғы мәліметтерге назар аударсақ, республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуы нашарлаған. Соның ішінде ел қазынасына салықтың түсуінде үлкен алшақтық сақталып келеді. Сондай-ақ Ұлттық қордың республикалық бюджет тапшылығын жоюға бағытталған «кепілдендірілген» трансферті жарты жылда таусылғаны алаңдатады. Себебі мемлекеттің бюджет шығысының басым бөлігі әлеуметтік салаға бағытталған. Әлеуметтік сектор – төлем міндеттемелерінің орындалуы, әлеуметтік қамсыздандыру сияқты ағымдағы шығындардың үздіксіз төленуін талап ететін сала.
Қаржы министрлігінің 2024 жылдың 1 шілдесіндегі ақпараты бойынша, республикалық бюджеттің (РБ) кірісі 16,7%-ға орындалмаған. Бұл дегеніміз...