Ішкі істер министрлігі көліктердің әйнегін қараңғылау талаптарын түсіндірді. Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранованың айтуынша, жолда жүру қағидаларына сәйкес көлік құралдары Техникалық регламенттердің талаптарына сай болуы керек.
Бұл ретте ол екі негізгі мәселені атап өтті. Біріншісі, жүргізуші орнынан көруді шектейтін қосымша жабындардың болуына жол берілмейді. Оларға барлық пленка, перде, жапсырма жатады. Бұл талап тек алдыңғы әйнекке және алдыңғы бүйір әйнектерге қатысты.
«Екіншісі, әйнектерді қараңғылауға және бояуға тек оларды дайындаған кезде ғана рұқсат етіледі. Себебі шыны жасайтын кәсіпорын оның жарық өткізгіштігін тексереді. Ол кем дегенде 70% болуы керек және олар әйнекке сертификат...