Германия үкіметі COVID-19 құрбандарын еске алу акциясын жалпы федералды аза тұту шарасын өткізуді жоспарлап отыр. Алайда, локдаунның жариялануына байланысты шараның өтетін күні әлі белгісіз. Германияда коронавирустық инфекцияның күнделікті өсуі 33 777 жағдайды құрады. Эпидемия басталғаннан бері елде 1 439 938 жұқтыру оқиғасы тіркелді. Соңғы 24 сағат ішінде 813 адам қайтыс болған, COVID-19-дың кесірінен болған өлім-жітімінің жалпы саны 24 938 адамды құраған. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
АҚШ билігіңің қабылдаған шараларына қарамастан елдегі эпидемиялық жағдай аса ауыр болып тұр. Елде бірден үш қайғылы рекорд тіркелді: бір күнде...