Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жылына 72,5 млн тонна қазақ мұнайын тасымалдауға мүмкіндігі бар. Бұл туралы КҚК бас директоры Николай Горбан «Теңізшевройл» компаниясының маркетинг және көлік жөніндегі бас директоры Лори Саскомен кездесуі барысында мәлімдеді.
Тараптар Теңіз-Новороссийск мұнай құбыры арқылы Теңіз кен орнынан мұнай тасымалдау мәселесін талқылаған.
«Теңізшевройл» компаниясының өкілі Теңіз кен орнын келешекте кеңейту – Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобасын жүзеге асыру барысына тоқталды.
Ал КҚК акционерлерінің шешіміне сәйкес, Теніз кен орнын кеңейту жобасы сәтті жүзеге асса, құбыр жүйесі осы кен орынан түсетін мұнайды толық қабылдауға дайын. Жалпы 2024 жылдың 7 айында КҚК арқылы Теңіз кен орнынан...