Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Аралды жаңбыр суымен толтыру жобасын көтеріп жүрген Алтай Айнабектің бастамасына күдікпен қарайтынын жеткізді.
Министрдің айтуынша, Алтай Айнабектің әдісі – бұл адам сеніңкіремейтін, нақты қолдануға дәлелі жоқ тәсіл.
«Нақты сол күндері «Қазгидрометтің» болжамы бойынша жаңбыр жаууы керек болатын. Алғашқы он күндегі болжам нақты болды. Дүние жүзінде болжаммен айналысатын ғалымдар мен тиісті мекемелер осы тәсілді зерттеуінше, бұл адам сеніңкіремейтін, нақты қолдануға дәлелі жоқ тәсіл. Көрсеткен Арал өңіріндегі жаңбырды айтсақ, бұған қызығушылық таныттық, өзіміздің «Қазгидромет» мамандарын шақырдық. Біздің болжам бойынша сол күндері жаңбыр жаууы керек болған. Сол себептен дүние жүзін...