Осыдан бірнеше ай бұрын «Ertis» футбол клубына жаңа директор болып Нұрлан Ысқақов тағайындалған болатын. Жаңа басшы бірден аудиторлық тексеріс жүргізуді қолға алып, «Atameken-Audit» тәуелсіз компаниясы команданың 2017-2019 жылдар аралығындағы қызметін тексерді. Соның нәтижесінде біраз былықтың беті ашылды.
Бұрынғы басшылық екі жыл бойы салықты мүлде төлемегені анықталды. Нәтижесінде мемлекетке 973,9 млн теңге қарыз. Оған қоса, тренерлік құрам мен футболшыларға жалақы 379,5 млн теңгеге артық төленген. Бұл ретте әкімшілік-басқару қызметкерлері де қалтасын қампайтуды ұмыт қалдырмапты: 44,4 млн теңге еңбақыны артық алып қана қоймай, матчтар үшін 36 млн теңге сыйақы алған. Ал түптеп клегенде бұл қызметкерлердің футболшылардың жеңісіне еш қатысы жоқ. Демек, сыйақы...