Дүниежүзінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 333 729 (тәулігіне +64 376) адам тіркелген. Бұл туралы мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлайды.
Қайтыс болғандар — 160 780 адам.
Ал емделіп шыққандар саны 599 316 адамға жетті.
Дүниежүзінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 333 729 (тәулігіне +64 376) адам тіркелген. Бұл туралы мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлайды.
Қайтыс болғандар — 160 780 адам.
Ал емделіп шыққандар саны 599 316 адамға жетті.
АҚШ-та коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 700 мыңнан асты. Бұл туралы мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
Джонс Хопкинс университетінің хабарлауынша, бұл елде бір тәулікте вирусты жұқтырған 31 905 адам анықталған.
Сенбі күнгі таңдағы мәлімет бойынша COVID-19 вирусын 701 адамның жұқтырғаны белгілі болды, қайтыс болғандар саны — 36 997.
Италияда бір тәулікте COVID-19-дан 2 563 адам емделіп шығып, рекордтық көрсеткішке жетті. Жалпы саны 42 727 адам ауруынан айыққан. Бұл туралы мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
Төтенше жағдай режимі жөніндегі комиссар Анджело Боррелли қазіргі таңда Италияда 172 434 адамның коронавирусты жұқтырғанын мәлімдеді. Қайтыс болғандар саны – 22 745 адам.
«Бүгінде 78 364 адам үй карантинінде отыр. 25 786 науқас стационарларда стандартты ем алып жатыр, 2 812 адам қарқынды терапия бөлімінде жатыр. Ауыр жағдайдағы науқастар саны өткен тәулікпен салыстырғанда 124-ке қысқарды»,- деді А. Боррелли.
Сонымен қатар, БҰҰ басшысы әлемдік қауымдастықты COVID-19 вакцинасын әзірлеу үшін жаһандық әлемдік коалиция құруға шақырды.
Екпелер...
Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах коронавирус пандемиясының өршуіне байланысты Жапония астанасы Токиоға жасайтын сапарынан бас тартты. ХОК басшысы олимпиаданың келесі жылға шегерілгеніне қарамастан төрт жылдық додасына даярлықтың қалай жүріп жатқанымен таныспақ болған. Осылайша, Бахтың Жапонияға бара алмауы біздің (бүкіл әлем халқының десе де болады) бұл спорт мерекесін биыл біржола ұмыта тұруымызды нықтай түскендей.
Індеттің өршуі, сөйтіп оның айтулы спорт додасына да кері әсерін тигізуі – әрбір жазғы олимпиададан кемі бір алтынсыз оралмайтын, одан бөлек 14-15 спортшысы жүлде алатын Қазақстанға да қиын тиді. Наурызға дейін спортшыларымыз жолдама беретін жарыс атаулыға жапырыла қатысып жатқан. Енді соның бәрі күрт тоқтады...
Ұлыбритания коронавирусқа қатысты енгізілген карантин шараларын үш аптаға ұзартты. Бұл туралы Интерфакс хабарлайды.
Сыртқы істер министр Доминик Раабтың пікірінше, әлсіз шаралар халықтың денсаулығына да, экономикаға да зиян тигізуі мүмкін екен.
Британияда 26 наурызда жарияланған карантин режимі мамыр айының басына дейін ұзартылады. Дегенмен, ел Үкіметі шектеу шараларын тоқтату туралы түпкілікті шешімді бұл вирустың таралу қарқынының өсуіне алып келмейтініне көз жеткізгенде ғана қабылдайды.
Жақында британ ауруханаларында пандемияның салдарынан 861 адам көз жұмды.
Өлім-жітімнің жалпы саны 13 729-ға жетті.
Коронавирус әлемді жайлағалы бері америкалықтар дүкеннен ең қажет деген заттарды молынан алып қоюға мәжбүр болды. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың қаншалықты маңызды екенін бәрі анық сезініп үлгерді. Бөлшек сауда желілеріне пандемия құдды жай отындай болып отыр. Қандай амалдың дұрыс екенін білмей, бірі дүкенге кіретіндерді шектеп, сыртта ұзын-сонар кезек туындатса, енді бірі кезектен қашып бәрін кіргізіп, сақтауы тиіс арақашықтықты бұзып жатыр. Осы ретте төтенше жағдай кезінде не істеу керегін нақты білетін H-E-B супермаркеттер желісі жайлы айтып кеткен жөн болар.
2020 жылғы наурыздың басында H-E-B дүкендерінде белгілі бір тауарларға шектеу қойылды. Яғни адам басына нақты қаншасы берілетіні белгіленген. Сонымен бірге денсаулығына байланысты демалысқа...
«ҚазАгро» Холдингінің Аграрлық несие корпорациясы 32 кәсіпкердің жалпы көлемі 4,31 млрд. теңгені құрайтын қарызын төлеу бойынша мерзімді кейінге шегеруді мақұлдады, сондай-ақ 51 өтінім қарастырылып жатыр деп хабарлайды «Аграрлық несие корпорациясының» баспасөз-қызметі.
Қазіргі кезде корпорацияға кейінге төлемді шегеру туралы өтініштерімен 81 қарыз алушы жүгінген. Олардың қарызы 6,3 млрд. теңгеден асады. Әр өтінім жеке тәртіп бойынша қарастырылып жатыр.
Айта кететіні, 299 млн. теңге көлемінде несие алған бір кәсіпкердің өтініші мақұлданбады. Бас тартудың себебі – қарыз алушының қазіргі төлемдері бойынша жеңілдік кезеңі бар және бұл кәсіпкер шарт талаптарына сәйкес әзірге төлем жасамайды.
Төлемдерді кейінге шегеруді ұсыну ережелеріне сәйкес, жарияланған ТЖ режимі салдарына қаржылы...
Германия канцлері Ангела Меркель федералды аймақтар басшыларымен кездесуде коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты енгізілген карантиндік шектеу шараларын біртіндеп жеңілдету керек екенін айтты. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлайды.
Осы жылдың 20 сәуірінен бастап әлеуметтік қашықтықтың барлық шараларын сақтай отырып, ауданы 800 шаршы метрге дейінгі дүкендер жұмыс істей бастайды. Сонымен қатар, кітап дүкендері, автодилерлер мен велосипед сататын дүкендер жұмысын қайта бастайды. Егер сәуір айының соңына дейін эпидемиологиялық жағдай тұрақтанса, онда 4 мамырдан бастап шаштараздар мен мектептер ашылады.
Мейрамханалар, қонақ үйлер, фитнес-клубтар мен кинотеатрлар әзірге ашылмайды. Бұқаралық шаралар өткізуге де рұқсат берілмейді.
Германия канцлері бұл елдің толыққанды қалыпты өмірге тек бірнеше апта немесе...
Жапонияда төтенше жағдай режимі толықтай енгізіледі. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
Коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар санының артуына байланысты бұл елде төтенше жағдай режимі енгізіледі.
Кеше COVID-19-ды жұқтырған 741 адам анықталды.
Су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу үшін өңірлерде, атап айтқанда Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында тасқынға қарсы жедел штабтар жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР ІІІМ Төтенше жағдай комитетінің қызметі хабарлайды.
14 сәуірден бері Ақмола облысы, Астрахан ауданы Старый Колутон ауылының маңында орналасқан Қалқұтан өзенінде су деңгейінің төмендегені байқалады (сыни деңгей – 3,48 м, нақты – 3,86 м). ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күші мен құралдарынан жасақталған, құрамында 12 адам, 5 бірлік техника, 2 жүзу құралы бар топ аула маңындағы аумақтардан 710 текше метр суды сорғызып, өзен суы деңгейіне мониторинг жүргізген.
Сонымен қатар Жабай өзеніндегі су деңгей...
Мемлекеттік комиссия биылғы 20 сәуірден бастап қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұмысын қайта бастайтын кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімін бекітті, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан қаласында:
өнеркәсіптік кәсіпорындар; құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері; көлік, қоймалау салаларындағы компаниялар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік компаниялар; автосалондар, ТҚС, авто жуу, дөңгелек ауыстыру сервисі, автобөлшектер дүкендері, химиялық тазалау, кеңсе техникасын жөндеу; екінші деңгейлі банктер сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін штат санының 50%-ын шектеумен, нотаруистер алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді; қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы тек өзімен алып кету және жеткізу қызметімен сағат 22:00-ге дейін ұзартылады.Алматы қаласында:
Қытай коронавирусқа қарсы бірнеше вакцинаны сынақтан өткізе бастады. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлайды.
COVID-19-ға қарсы үш вакцина клиникалық сынақ жасау үшін мақұлданды. Олардың екеуінің белсенділігі төмендетілген. Вакцинаны әзірлеу бес бағытта жүргізіледі. Әрбір препарат клиникалық зерттеудің үш кезеңінен өтуі керек және осыдан кейін ғана оны кеңінен қолдануға болады.
«Аденовирустық вектор негізінде жасалған ең алғашқы вакцина тестілеудің екінші кезеңінен өтуде. Бұл вакцинаны зерттеудің екінші кезеңіне көшкен әлемдегі алғашқы жағдай. 12 және 13 сәуірде дәрі-дәрмектер айналымын бақылау жөніндегі мемлекеттік басқарма екі түрлі зертханада әзірленген тағы да екі белсенділігі төмендетілген вакцинаны сынауды мақұлдады»,- дейді ҚХР Ғылым және техника...
Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізетін тұста ауыл шаруашылық техникаларының сақадай сай болуы аса маңызды. Бірақ әлемді пандемия жайлап, АҚШ долларының құны қымбаттағандықтан, шаруалардың көпшілігі қажетті бөлшектерді Еуропадан әкелуге қауқарсыз. Осыны ескерген Павлодар ауданының кәсіпкері Андрей Андрейцев Жаңачерноярка ауылында сынамалы цех ашып, бөлшектер дайындауға мықтап кірісті.
Андрейдің әкесі Геннадий Андрейцев 20 жылдан бері ауыл шаруашылығымен айналысып келеді. Сондықтан үнемі әкесінің қасынан табылып, шаруаға араласып жүрген Андрей трактор, комбайндардың барлығын дерлік жақсы біледі. Тіпті, оларды жөндеуді үйреніп алған. Кейін осы қабілетін табыс көзіне айналдыруды ойлап, қосалқы бөлшек шығаруды қолға алды.
«Барлық жұмыс сызбалары компьютерде жасалады. Алдымен кескіндейміз, миллиметріне дейін анықтап өлшейміз...
Қытайда 24 сағат ішінде COVID-19 індетін жұқтырған 108 адам тіркелді. Оның 98-і шетелден келгендер. Бұл туралы 13 сәуірде ҚХР Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлады, деп жазады Синьхуа.
Комитет індет жұқтырған 10 жаңа жағдай тіркелгенін айтқан болатын. Хэйлунцзян провинциясында (Солтүстік-Шығыс Қытай) – 7 адам, ал Гуандун провинциясында (Оңтүстік Қытай) – 3 анықталды.
Комитеттің мәліметінше, 12 сәуірде Хубэй провинциясында осы аурудан 2 адам қайтыс болған. Сонымен қатар, 12 сәуірде коронавирус инфекциясы бар деген болжаммен 6 жаңа пациент тіркелді, олардың барлығы шетелден келгендер.
Жексенбіде 88 науқас емделіп ауруханадан шыққан.
Қытайда 12 сәуірде шетелден келген 1378 адам COVID-19 ауырған. Оларды...
Осы сағаттағы соңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус тағы 10 адамнан анықталған. Оның жетеуі – Алматы қалсының тұрғындары, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.
Қазақстан бойынша барлығы 961 адам вирус жұқтырған.
Соның ішінде 99 дама жазылып шықса, 10 кісі қайтыс болды.
Дүние жүзінде 1 853 155 адам вирус жұқтырса, соның 114 247-і көз жұмып, 423 625 кісі аурудан жазылып шыққан.
Айта кетейік, еліміздің ірі қалаларында енгізілген карантин сәуірдің соңын дейін ұзартылған еді.
«Төтенше жағдай режимін, кем дегенде, сәуірдің аяғына дейін созуға тура келетіні қазірдің өзінде түсінікті болып отыр. Біз коронавируспен ауырудың шарықтау шегін әлі өткізген жоқпыз. Індетке қатысты жағдайды жеңілдетуге болмайды.
Осы себепке байланысты...
АҚШ федералды билігі тұңғыш рет коронавирус пандемиясына байланысты барлық штаттарда төтенше жағдай туралы декларацияны бекіту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды CNN.
Режим Вайоминг штатында ең соңғы болып енгізілді. Бұл шараны АҚШ президенті Дональд Трамп 11 сәуірде мақұлдаған еді.
Америка Құрама Штаттарында 519 453 адам коронавирус жұқтырған. Оның 20 071 қайтыс болған.
Мәліметтерге сәйкес, Америка Құрама Штаттары коронавирус құрбандарының саны бойынша әлемде бірінші орынға шыққан. Осылайша Италияның өзін басып озып отыр.
Төтенше жағдай мерзімі ұзарды. Бизнес иелері дәл қазір қиын күн кешіп жатыр. Негізі кризис кезінде кәсіпкерлердің екі-ақ амалы бар: кәсібін тоқтатып, кейін бір реті келіп жатса жандандыру немесе соңына дейін күресу. Егер тұтынушы сіз жаққа келмей қалса, оларға өзіңіз баратын тәсілдер іздеген жөн. Ендеше, назарыңызға бірнеше әдіс ұсынып көрейік. Кәдеге жарасын!
Карантин жағдайында жеткізу қызметін қолданған баршаға ыңғайлы. Әйтсе де, кез келген кәсіп түрінің оң жамбасына келе бермейді. Кафе, асхана сынды тамақтану орындарына бұл қолайлы. Тіпті көпшілігі карантинге дейін-ақ қызметтің бұл түрін ұсынатын. Қазір енді екі бастан жеткізушінің көмегіне жүгінуге мәжбүр. Түсетін табыс бұрынғыдан әлдеқайда азаяры...
Қазақстандағы төтенше жағдай режимі 30 сәуірге дейін созылды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.
«15 сәуірде төтенше жағдай режимі туралы Жарлығымның мерзімі аяқталады.
Төтенше жағдай режимін, кем дегенде, сәуірдің аяғына дейін созуға тура келетіні қазірдің өзінде түсінікті болып отыр. Біз коронавируспен ауырудың шарықтау шегін әлі өткізген жоқпыз. Індетке қатысты жағдайды жеңілдетуге болмайды.
Осы себепке байланысты карантин режимін елордада, Алматы мен Шымкентте және тиісті облыстарда сәуірдің аяғына дейін созуды тапсырамын. Мұның оңтайлы шешім емес екенін түсінемін. Өйткені халық көшеге шығып, қалыпты тұрмысын жалғастырғысы келеді.
Бірақ карантин режимін сақтаудан, оқшауланудан басқа жол жоқ. Бұл отандық және халықаралық вирусолог мамандардың ұсынысы», – деді мемлекет...
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметі бойынша, қазақстандықтар шетелдік турларға депозит пен алдын-ала төлем ретінде 4,6 млрд төлеп қойған Коронавирус пандемиясына байланысты бұл турлардың жүзеге асуы екіталай болып тұр.
Өз клиенттерінің шетелге саяхатын ұйымдастыру үшін, туристік агенттіктер арада делдал бола отырып, серіктестері: туроператор, авиакомпаниялар, қонақүйлерді тартады. Сондықтан тур үшін клиенттен алған ақшаны бірден контрагенттеріне аударады. Сонымен қатар, «Атамекеннің» мәліметтері бойынша, авиакомпанияларға төленген салымдар сомасы – 1,9 млрд теңгені, қонақүйлерге аударылған ақша 2,7 млрд теңгені құраған. Әр серіктестің өз ережесі мен жұмыс стилі, ақша қайтару шарттары бар. Эпидемияға байланысты олардың көпшілігінің қызметі тоқтап тұрғандықтан, дәл қазір ақшаны қайтарып бере...
Журналистер Ақ үйде өтетін брифингке қатысу үшін жаңа короновирус инфекциясына тест тапсырады, – деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Бұл талапты АҚШ Президенті әкімшілігінің баспасөз қызметі жариялады. COVID-19 вирусын жұқтыру жағдайлары басқа елдермен салыстырғанда АҚШ-та көптеп анықталуда.
Мұнда вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 467,8 мың адамға жетті, 16 мыңнан астам адам көз жұмды, ал сауығып шыққандар саны 27,2 мың адамнан асты.
Kursiv.kz редакциясы «Медузаның» пандемиядан кейін өмірдің қалай өзгеретініне қатысты жасалған басты болжамдары туралы материалын аударып, оқырман назарына ұсынып отыр.
Коронавирус бүкіл әлемді шарпып, шырқау шегіне жете қоймаса да, экономистер, саясаттанушылар мен философтар індетті жеңгеннен кейін өмір қалай өзгеретініне қатысты ойын білдіріп жатыр. Жаңа әлем қандай болады? Көпшілігі экономика, бизнес, халықаралық қатынастар, ішкі саясат, әлеуметтік сала мен медицинада үлкен өзгеріс орнап, адамның да ойы, тәртібі басқаша болады деген пікірде. Бірақ дәл қазіргі беймәлім сәтте бір-біріне керағар болжам жасалып отыр. Кейбірі әлем тек жақсы жаққа өзгереді деп санаса, ендігі бірі бәрінің қалыпқа келуі қиындап, саяси әлемнің астаң-кестеңі шығады дейді.
Екі түрлі сценарий
Роберт Кеннедидің хабар-ошарсыз кеткен шөбересінің денесін полиция тапты, деп хабарлайды CNN. Ал оның анасының денесі дүйсенбі күні табылған болатын.
41 жастағы Мэйв Кеннеди мен оның 8 жасар ұлы Гидеон Маккин 3 сәуірде Мэриленд штатындағы Чесапик шығанағында қайық сапарында жоғалып кетті.
Сүңгуіршілер баланың денесін шамамен 7,5 метр тереңдіктен тапқан. Және анасының денесінен 600 метр қашықтықтан анықтаған.
Отбасы карантин кезінде шығанақтың жағасында тұрып жатқан.
Кеннедидің күйеуі Дэвид Маккиннің айтуынша, әйелі мен баласы жағажайда доп қуу ойнаған. Бала допты суға тепкен, содан кейін Мэйв баласы екеуі допты алу үшін қайыққа отырған. Алайда қатты жел соғып қайықты өзен ағысымен ары қарай алып кеткен.
Осыдан бірнеше ай бұрын «Ertis» футбол клубына жаңа директор болып Нұрлан Ысқақов тағайындалған болатын. Жаңа басшы бірден аудиторлық тексеріс жүргізуді қолға алып, «Atameken-Audit» тәуелсіз компаниясы команданың 2017-2019 жылдар аралығындағы қызметін тексерді. Соның нәтижесінде біраз былықтың беті ашылды.
Бұрынғы басшылық екі жыл бойы салықты мүлде төлемегені анықталды. Нәтижесінде мемлекетке 973,9 млн теңге қарыз. Оған қоса, тренерлік құрам мен футболшыларға жалақы 379,5 млн теңгеге артық төленген. Бұл ретте әкімшілік-басқару қызметкерлері де қалтасын қампайтуды ұмыт қалдырмапты: 44,4 млн теңге еңбақыны артық алып қана қоймай, матчтар үшін 36 млн теңге сыйақы алған. Ал түптеп клегенде бұл қызметкерлердің футболшылардың жеңісіне еш қатысы жоқ. Демек, сыйақы...
Коронавирус пандемиясының әлемге ауа жайылуы көптеген елдің экономикасын тұралатып тастады. Бірқатар автоконцерндер жұмысын тоқтатты. Еңбек нарығында маркетолог, бухгалтер, аспаз, PR маманы, даяшы, ивент-менеджер, фитнес-бапкерлерге деген сұраныс күрт төмендеген. Есесіне онлайн жеткізіп беру компаниясының қызметін тұтынатындар саны лезде артып шыға келді.
Осы орайда аталған компания өкілдерімен сөйлесіп, карантин кезіндегі олардың жұмыс барысымен таныстық. Онлайн жеткізіп беру қызметі өкілдерінің айтуынша, халық негізінен азық-түлікті тапсырыспен алдыруға көшкен. Киімді де онлайн алатындар саны біршама. Сондықтан мұндай компаниялардың жұмысы жүріп тұр. Олар төтенше жағдайға байланысты бірде бір жұмысшысын қысқартпаған, керісінше, қызметкерлер штатын арттыруға мәжбүр болыпты.
Mulmarket.club онлайн жеткізу компаниясының бас директоры Тамерлан Нұғымановтың сөзінше, қалада...