«Қазселденқорғау» мекемесінің бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаевтың ісі сотта қайта қаралады. Аса ірі көлемде пара алды деп айыпталған оны 7 маусым күні алқа билер соты ақтап алған болатын. Алайда прокурорлар соттың бұл шешімімен келіспей, аппеляцияға берген.
«Көкірекбаев Кәрім Нәсібекұлына, Ахатаев Әділет Бегалиұлына және Поплавский Андрей Владимировичке қатысты алқабилердің қатысуымен өткен Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 7 маусымдағы үкімі жойылсын. Қылмыстық іс қаралған сотқа бірақ басқа құрамда қаралуға жіберілсін»,- делінген сот қаулысында.
Сот прокурорлар Е.С.Құрақбаев пен А.Әлікеновтің апелляциялық шағымын толығымен қанағаттандырған. Солайша К.Н.Көкірекбаевқа, А.Б.Ахатаевқа және А.В.Поплавскийге қатысты бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалған...