Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Жетісу облысындағы басты туристік бағыттардың бірі саналатын Алакөл көлі жағалауы инфрақұрылымының қазіргі жағдайымен танысты. Бұл туралы Үкіметтің баспасқз қызметі хабарлады.
Облыс құрылғаннан бері Алакөл ауданына 4,8 млн турист келген, соның 1,8 млн-ны өткен жылдың үлесінде.
Сапар барысында Вице-премьер коммуналдық жағажайда болған, мұнда өзге де аймақтардағы сияқты кешенді тұрғыда шешуді қажет ететін көптеген жүйелі мәселелер бар екені анықталған. Бастапқы шарттар бар болғанымен, ашық және қолжетімді аумақтағы көптеген демалыс орындарында санитарлық жағдай, инженерлік және инфрақұрылымдық жағынан бірқатар түйткілдер сақталып қалып отыр.
«Коммуналдық жағажайда демалуға келетін адамдар да жекеменшік демалыс аймақтарындағыдай базалық жайлылықпен, қауіпсіздікпен...