ТМД елдері Орталық банктерінің 2024 жылдың маусым айындағы жылдық инфляция бойынша мәліметтерге назар аударсақ, Өзбекстанда инфляция 10,55% болып, ең жоғары көрсеткішке жеткен. Ал Ресейдегі өсім 8,59%-ды құрап, оны өңірдегі екінші орынға шығарды. Ал Қазақстан инфляция деңгейі бойынша үшінші орынға орналасты.
Маусым айында ең төмен инфляция Әзірбайжан -0,3%, Армения – 0,8%, Тәжікстан – 3,6% және Молдова елінде 3,8% деңгейінде қалыптасты.
Қазақстан
Қазақстан 2022 жылдың желтоқсан айынан бері жылдық инфляция бойынша ТМД және ЕАЭО елдері ішінде бірінші орынды алып келді. Елімізде 18 ай бойы жоғары инфляция тіркеліп, көш соңындағы көрсеткіштің ұзақ сақталуына көптеген фактор әсер етті. Ұлттық банктің жылдар бойы жүргізген қатал ақша-несие саясаты...