«Қазақстан 2020 жылғы мұнай өндіру жобасын қайта қарауды жоспарлап отырған жоқ,»- деп мәлімдеді Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев.
«Біздің 2020 жылға жоспарымыз бар. Оған сәйкес нақты өсу немесе төмендеу болмайды »,- деді Ноғаев.
Болжам бойынша, биыл Қазақстанда 90 миллион тонна мұнай өндіру жоспарлануда. Ал 9 наурызда мұнайдың әлемдік бағасы 30 пайызға төмендеп кетуіне ОПЕК + мәмілесінің келіспеушілігінен орын алды.
ОПЕК + мүшелерінің одан әрі әрекеттерін болжау қиын болып тұр. Сондай-ақ, Энергетика министрі мұнай бағасының арзандауы жағдайында газ бағасын да төмендету мүмкіндігі туралы түсіндірме берген жоқ. Оның айтуынша, нарық Қазақстандағы газ бағасын өзі реттейді.
«Бүгінде мұнай өңдеу зауыттарында қор...