Америкада індетті жұқтырған американдықтардың саны 5 миллионнан асты. Ал Бразилияда Ковид-19 -дан қаза тапқандар саны 100 мыңнан асты. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.
Коронавирусты жұқтыру саны бойынша Америка Құрама Штаттары әлемде бірінші орында.
Сонымен қатар, алғашқы үштікке 3 миллионнан астам вирус жұқтырған Бразилия және 2 миллионнан астам адамға Ковид-19 диагнозы қойылған Үндістан кіреді.
Ал Ресей төртінші орында, 880 мың науқас тіркелген.
Ресми мәліметтерге сәйкес, Ресейде соңғы бір тәулікте Ковид-19 диагнозынан 77 адам қайтыс болды. Қайтыс болғандардың жалпы саны 15 мыңға жуық.
Америка Құрама Штаттарында Нью-Йорк басқа штаттар алдында өзінің қайғылы көшбасшылығын жоғалтып алды: жұқтырғандардың көпшілігі Калифорнияда (554 мың), Флоридада...