Қарағанды облысының прокуратурасы құны 900 млн теңге болатын «Сарыарқа» хоккей клубын мемлекет меншігіне қайтарды. Бұл жайлы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
«Прокуратура заңсыз берілген 37 жер телімін, сондай-ақ құны 900 миллион теңгені құрайтын «Сарыарқа» хоккей клубын мемлекет меншігіне қайтарды», – делінген баспасөз хабарламасында.
Қазіргі таңда прокурорлар мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің заңдылығын тексеріп жатқаны айтылған. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекеттің экономикалық мүдделерін қалпына келтіру мақсатында заңсыз алынған және жекешелендірілген барлық мемлекеттік мүлікке қатысты прокурорлық қадағалау және ден қою шаралары қабылданады.
Еске сала кетсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың 12 шілдесінде «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару...