Дәстүрден жаңылмай, жақында арада жарық көретін әрі көрермендер асыға күтіп жүрген жаңа хикаялар топтамасын ұсынамыз. Бұл топтамада ежелгі заманға саяхат, ескі фильмнің жаңартылған нұсқасын көре аласыздар.
Жақсы қыздарға арналған кісі өлімі туралы нұсқаулық
Бұған дейін «Уэнздей» телехикаясында Уэнздей Аддамстың бөлмелесі Энид ретінде танылған Эмма Майерс осы жолы кісі өлімін әшкерелеумен айналысады. Холли Джексонның жастарға арналған романы желісінде түсірілген хикаяда Майерс Пип Фитц-Амоби атты кейіпкерді ойнайды. Ол өзі оқитын мектепте бес жыл бұрын болған кісі өлімін әшкерелеуге тырысады. Эммадан бөлек картинада Зейн Икбал да бой көрсетеді. Қысқаша айтқанда, бұл хикая тек жас, сымбатты актерлерімен ғана ерекшеленіп қоймай, интригаға толы сюжетімен...