Қостанай облысында KazFoodProducts бидайды терең өңдейтін зауыт салмақ. Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі аясында инвестициялық жоба мақұлданды. «Baiterek Venture Fund» АҚ, Myande Group Co қытайлық компаниясы, KazFoodProducts агрохолдингі және Қостанай облысының әкімдігі өзара келісті. Жобаның құны 50 млрд теңгеден асады.
KazFoodProducts бас директоры Әлихан Қайратбектің айтуынша, жаңа Qostanay Grain Industry зауыты жылына 400 мың тонна бидай өңдейді. Зауыт аминқышқылдар, биоэтанол, глютен, мал азығы, бидай кебек өндіреді.
Жоспар бойынша «Qostanai Grain Industry» ЖШС жобасы 2027 жылғы желтоқсан іске қосылуға тиіс. Жаңа өндірісте 600 жаңа жұмыс орны ашылады.
Меморандум аясында Алматы облысында бидай мен жүгеріні терең өңдеу саласында көшбасшы «АзияАгроФуд» зауытына қолдау көрсетілед...