Қазақстанда интернет сапасы көңіл көншітпейді. Бұған статистика дәлел. Мәселен, биылғы жылдың қаңтар-мамырында интернет сапасына қатысты 11 мыңға жуық шағым түскен. 18 маусымдағы Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстандағы интернет Жапониядан жылдам екенін мәлімдеді. Kursiv.kz тілшісі IT-маман Қуаныш Бакировпен тілдесіп, елдегі интернет сапасы жайлы сұрап көрді.
Маманның пайымынша, Қазақстандағы интернеттің сапасы жаман емес
Сарапшы елдегі интернет өз бағасына өте жақсы деп бағалады.
«Маған күнделікті жұмыс істеуге сапалы интернет өте қажет. Себебі мен қашықтан шетелдік компанияда жұмыс істеймін. Өзім Астанада тұрамын. Қаладағы, орталықтағы интернет жылдамдығына көңілім толады, ешқандай қиындық болған емес. Біра...