Депутаттар екі айлық каникулға кетті. Бүгін, 28 маусымда, Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті, онда сегізінші сайланған Парламенттің екінші сессиясы ресми түрде жабылды. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қос палата депутаттарының жұмысын қортындылады. Сондай-ақ Үкіметтің әдетке айналған кемшіліктерін де тізіп шықты. Мәжіліске шикі заң жобалары келіп түсетінін айтып, олардың жұмысын сынға алды.
Депутаттар 1 қыркүйекке дейін каникулға кетті
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов екінші сессиясының жабылуы және парламенттік каникул туралы қаулыға қол қойды.Осылайша депутаттар екі айлық каникулға кетті. Оның бір айында депутаттар өңірлерді аралайды.
«Дәстүр бойынша атқарылған жұмысты қорытындылаймыз, келешекке жоспар құрамыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы...