Мөлшерлемелер жөніндегі болжам, АҚШ-тың мемлекеттік қарызының өсуі, тұтыну нарығына қатысты деректер
Мамыр айында АҚШ-тағы бөлшек сауда өсімі небәрі 0,1% болды. Ал өткен айдың көрсеткіштері қайта қаралып төмендетілді. Бұдан сарапшылардың қыркүйек айында ФРЖ мөлшерлемелерді төмендете бастауы мүмкін дегенге сенімі нығайды. Сонымен қатар АҚШ-тың мемлекеттік қарызы күрт ұлғаяды деген болжам бар – 2034 жылға қарай мемлекеттік қарыз 56 триллион доллардан асуы мүмкін. Осы және басқа да тақырыптар туралы толығырақ 18 маусымдағы әлемдік БАҚ шолуынан оқыңыз.
ФРЖ мүшесі Куглер биылғы жылы пайыздық мөлшерлемелер азаяды деп болжады
Америкалық экономист, ФРЖ Басқарушылар кеңесінің мүшесі Адриана Куглер АҚШ экономикасының даму қарқыны қазіргідей баяулап, инфляция бәсеңдей берсе, биыл «пайыздық мөлшерлемені төмендету орынды болмақ» деп мәлімдеді. «Инфляция әл...